Текст
23.03.2026
22 наурыз күні мектебімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Концерт барысында оқушылар ұлттық әндер орындап, мың бұралған билерін билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әр сынып өз өнерлерін ортаға салып, қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен насихаттады.
Мерекелік кеш ерекше сән-салтанатымен өтіп, барша көрерменге ұмытылмас әсер қалдырды. Наурыз мейрамы – береке мен бірліктің, жаңару мен жақсылықтың символы ретінде жүректерге жылулық сыйлады.